Docsity
Docsity

Prepare for your exams
Prepare for your exams

Study with the several resources on Docsity


Earn points to download
Earn points to download

Earn points by helping other students or get them with a premium plan


Guidelines and tips
Guidelines and tips

нейропедагогика, методы активного обучения, Lecture notes of Sociology of Deviance

нейронаука, методы обучения, презентации по нейронауке,

Typology: Lecture notes

2023/2024

Uploaded on 10/28/2024

aliya-sherimova-1
aliya-sherimova-1 🇨🇦

1 document

1 / 6

Toggle sidebar

This page cannot be seen from the preview

Don't miss anything!

bg1
Практикалық сабақ №3 Мидың құры лымдық жүйесі
1.Ми және оның негізгі ерекшеліктері: мидың құрылымы, мидың бөлі ктері
2.Оқу нәтижесінде мидың өзгеруінің морфологиялық көрсеткіш тері.
БОӨЖ №3. Тақырыбы: Оқу проц есіндегі мишықтың функциясы. Мидың функци оналды топографиясы туралы заманауи идеялар
БӨЖ №3. Тақырыбы: Ми анатомиясы, химия, жоғары жүйке қызметінің қ ұрылымы мен бөлімдері
pf3
pf4
pf5

Partial preview of the text

Download нейропедагогика, методы активного обучения and more Lecture notes Sociology of Deviance in PDF only on Docsity!

Практикалық сабақ №3 Мидың құрылымдық жүйесі 1.Ми және оның негізгі ерекшеліктері: мидың құрылымы, мидың бөліктері 2.Оқу нәтижесінде мидың өзгеруінің морфологиялық көрсеткіштері. БОӨЖ №3. Тақырыбы: Оқу процесіндегі мишықтың функциясы. Мидың функционалды топографиясы туралы заманауи идеялар БӨЖ №3. Тақырыбы : Ми анатомиясы, химия, жоғары жүйке қызметінің құрылымы мен бөлімдері

  • (^) Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы

шамамен 1300–1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын

адамдар да кездеседі.

  • (^) Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты

емес. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан

айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады.

  • (^) Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр

жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш

жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара

байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

  • (^) Мидың ішінде ми сұйықтығымен толтырылған қуыстар болады. Оларды

ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады.

Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды

реттеу қызметін атқарады.

  • (^) 1. Сопақша ми – жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5–3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
  • (^) 2. Артқы миғамишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді.
  • (^) Ми көпірдің өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырад ы. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.
  • (^) Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады.

Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп

иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады.

  • (^) 3. Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан.

Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады.

Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке

жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен

шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды

реттейді.

  • (^) 4. Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру

төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады.

Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және

т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми

сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-

қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы

жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы,

тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға

байланысты.